«Диірмен-желдеткіштердің жұмыс қалақтары мен ұлу сауытының металы шығысының нормаларын есептеу әдістемесі» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығына 1-қосымша) (2025.16.03. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2016 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 580 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Диірмен-желдеткіштердің жұмыс қалақтары мен ұлу сауытының металы шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі

(2025.16.03. берілген өзгерістермен)

 

 

ҚР Энергетика министрінің 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Диірмен-желдеткіштердің жұмыс қалақтары мен ұлу сауытының металы шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу электр станцияларының диірмен-желдеткіштердің жұмыс қалақтары мен ұлу сауыты металының нормативтік шығысын айқындауға арналған.

2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) электр станциясы - электр және жылу энергиясын өндіруге арналған, құрылыс бөлігін, энергияны түрлендіруге арналған жабдықты және қажетті қосалқы жабдықты қамтитын энергетикалық объект;

2) сауыт - беріктігі, тұтқырлығы мейлінше жоғары, көрсеткіштердің жоғары деңгейінде тұрған басқа да механикалық параметрлері бар материалдың қорғағыш қабаты, осы қабатпен қапталған объектіге күші мен қарқындылығы жағынан әртүрлі әсерге тосқауыл функциясын орындайды;

3) дымқыл қоңыр көмір - құрамында 10 %-дан астам ылғал бар қоңыр көмір.

Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

3. Жоғары дәрежеде дымқыл қоңыр көмірді жағуға желдеткіш диірмендері бар оттықтар арналған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.